Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып әділет подполковнигі Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлы тағайындалды.

Бұған дейін ол Шымкент қалалық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары болған.

Ш.Есенкелдинов 1977 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 1998 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді.

Еңбек жолын Шымкент қалалық ІІБ полиция батальонының полицейі болып бастаған.

Ал 2003 жылдан бері пенитенциарлық жүйеде қызмет атқарады.

Әр жылдары Шымкент қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және департаментте басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Тағы да оқыңыз: