Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы байқау жариялайды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы байқау жариялайды

18.05.2020, 12:00

489 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы журналистика саласында «Жасампаз 25 жыл» шығармашылық байқауын жариялады.

Журналистика саласында облыстық «жасампаз 25 жыл» шығармашылық байқауын өткізу Ережесі

1.Жалпы ережелер
1.1. Журналистика саласында «Жасампаз 25 жыл» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша әзірленген.
1.2. Конкурстың басшылығы:
1) Конкурстың құрылтайшысы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы;
2) Конкурсты ұйымдастырушы Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.
2. Конкурстың мақсаты және міндеттері
2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
2.2. Конкурстың міндеттері:
1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;
2) этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық диалог саласындағы мемлекеттік саясат жетістіктерін жазып-көрсету;
3) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау;
4) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
5) қазақстандық журналистиканың дамуына қолдау көрсету;
6) Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай елдегі татулық пен бірліктің беріктігін насихаттау;
7) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ өкілдерінің рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.
3. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Конкурсқа республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатыса алады.
3.2. Әр қатысушы тек қана 1 (бір) өтінім бере алады.
4. Конкурс басшылығы
4.1. Конкурс құрылтайшысы конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.
4.2. Ұйымдастырушы:
– осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
– қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді;
– конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;
– конкурс қорытындыларын бекітеді;
– Қызылорда. Ассамблея facebook парақшасында, «Сыр бірлігі» YouTube каналында, Kyzylorda.assambleya instagram парақшасында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
4.3. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.
4.4. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.
5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі
5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2020 жылғы 1 наурыздан 1 тамызға, дейін БАҚ-та, оның ішінде, этноБАҚ-та және газетте жарияланған баспасөз материалдары, бейнесюжеттер қабылданады.
5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік бейнесюжеттері;
– баспа басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік мақалалар;
5.3. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер конкурсқа жіберілмейді.
5.4. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.
6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары
6.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысу талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.
6.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:
– кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған өтінімінен;
– өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.
Бір өтініммен берілетін материал саны 3-ден кем болмауға тиіс.
6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурс ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.
6.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.
Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар /баспасөз хабарламасы, т.б./ конкурсқа қатыстырылмайды.
6.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім осы Ережемен көзделген талаптар бұзылған жағдайда қабылданбайды және тіркелмейді.
Байланыс телефондары:
E-mail: bal_oda@mail.ru
Тел: 8 742 70 03 92, 8 777 451 22 77

0

Пікір қалдыру