Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы «Спутник V» вакцинасын салдырды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы «Спутник V» вакцинасын салдырды

02.02.2021, 12:00

723 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов және бірқатар мәслихат депутаттары қалалық №3 емханада «Спутник V» вакцинасын салдырды.Алдымен емхана дәрігерімен денсаулық жағдайы тексеріліп, эпидемиологиялық анамнезі жинақталды.

Аталған вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімдер болған жоқ. Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіліп, вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізілді.Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпаннан бастап, коронавирусқа қарсы ерікті түрде вакцина егу басталған болатын.

Қазіргі таңда облысқа «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы келді. Жалпы жыл ішінде 80 мың доза кезең-кезеңімен әкелінеді деп жоспарлануда.Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды.

0

Пікір қалдыру