Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Тремасова Юлия Александровна Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Юлия Тремосова 1975 жылы туған, Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Қызылорда электр жарығы» ЖШС-нің жұмыскері ретінде бастаған.

1996 – 2005 жылдары Қызылорда облыстық экономика басқармасының маманы, І дәрежелі маманы, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы;

2005 – 2018 жылдары Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы.

2018 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: