Қызылорда облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдындағы есепті кездесуі өтеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдындағы есепті кездесуі өтеді

20.01.2020, 17:00

947 9

Kyzylorda-news.kz. «Орталық атқарушы органдар басшы­лары­ның, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовтың 2020 жылғы 19 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.

Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсы­ныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақ­тайтын жәшіктер төмендегі мекен- жайларда орнатылған:

Арал ауданы бойынша: аудан әкімі аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі.

Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімі аппараттарының, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Халық­қа қызмет көрсету орталығы, Қазалы теміржол вокзалы, «Талап» автостанциясы, «Ырыс-Болашақ» базары, Қазалы қалалық мәдениет үйі ғимараты;

Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімінің аппараты, теміржол вокзалы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қаз­пошта» АҚ аудандық бөлімшесінің ғимараты;

Жалағаш ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Жалағаш кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі,  аудандық емхана, №202 орта мектеп;

Сырдария ауданы бойынша: Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, №35, №36, №210 және №131 орта мектептер;

Шиелі ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Шиелі кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, теміржол вокзалы, «Арман» мәдениет үйі, №47, 219 орта мектептер;

Жаңақорған ауданы бойынша: аудан әкі­мінің аппараты, Жаңақорған кенті әкімі­нің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы;

Қызылорда қаласы бойынша: Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері және «Жаңа базар» базары;

Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың қоғаммен өзара байланысты құру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын тиімді іске асыру мақсатында облыс әкімі Қ.Д.Ысқақовтың және облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының «Facebook» әлеуметтік желісінде жеке парақшалары ашылған.

Егер Сізді толғандырып жүрген қандай да бір сауал болса, әлеуметтік желі арқылы сұрақ қоюыңызға болады.

9

  • Жас отбасы бойынша пәтер алғымыз келеді. Жас отбасымыз. 2баламыз бар. Үшінші сіне аяғым ауыр. Бир болмели патерде тұрамыз. Соган комектесип жиберсеңіз. Қызылорда қаласында. Мен өзім әлеуметтік қызметкермин. Күйеуім вахтовый жұмыс жасайды.

  • Жалғыз басты анамын маған көмек қажет Шиелі ауданы Ы Жахаев ауылында тұрамын. Ешқандай әлеуметтік көмек маған шықпайды. Үйдің кезегіндемін бірақ неге ауылдық жерлерде кезек жылжымайды. Шиелі ауданының әкімдігі дұрыс қызымет жасамайды.

  • Ассалаумағалейкум курметти әким мырза сизге бир отиншпен жазып отырмын бул хатым сизге жетема жетпеима билмеим,сондада пикирмди жазып кетеин
    1.Мен озим Кызылорда каласы Карауылтобе ауыл тургынымын осы крер ауызындағы жаңа курылып жаткан уйлердин тургынымын осы турып жаткан ауылдың кошелерин бир жөндеп берсениздер нур устине нур болар еди көшеге шығып жүру деген арман болды бизге,балдарымызды мектепке апарып әкелу кыйындап кетти мектепке шығарда еки аяк ким киеди асфальтка шыкканша бир аяк ким асфальтта екинши аяк ким,сизден отинип тургындар атынан кошемизге асфальт болмасада грабер тас тасеп бере аласыздар ма жауынды кундери жүре алмаи балдар сабактан калып жатады.Казир жер катып тур ертең ерип бастағанда машина түгел жаяу жүре алмаймыз.
    2.Осы ауылға мектеп,амбулаторной полекленика салуга жоспарда барма,жоспарда болса кашан салынады екен балдарымызды мектепке апарып акелуге кашык болып тур.
    Осыны озіңз кога алсңыз жаксы болар еді меним айтарым осы.
    Жумысынызга береке берсин,халыктың адамы болыңыз.

  • Салеметсыздерме! Мен Апахаева Рыскүл Бегайдар кызы 2412 1990 . Айтар отнышым Кала экымыне комек беруынызды сызден сурайм. Мен булдем жумысжасамагамын және козым ауыратыны бареды солсебепты мен камуналды есеп карыздарымды жасалмай киналып журм Озым Детский домда шыкканболатынмын жылыу аренда су сиякты карыздарым маза бермей жүрген сұрақ бурын Жастар уйынде турган болатынмын казыр Леви берик турам 30дом Бурын турганжердын карызы осы айдың аягына дейын жабум керек екен енды былмим Жана уйым кышкентай соданда айырылып каламба деп көркем..Ягыни менде ешкыммым жок менын карыздарысды жабуға комектесетын сол себептермен сызге хат жыбергелымын комектесыныз отныш.. Рахмет егер хатым жеткен жағдайда …

  • Сәлеметсіздерме мирімді жандар.Мен Талдарал ауылында 11 үй 6 квартирада тұрамын.Менім екі қызым 1 ші топ мүгедегі. Үлкен қызым Назым 11 жаста қант диабеті нің инсулинге тәуелді. Екінші диягнызы бауырынән цероз. Екінші қызым Назерке 9 жаста ол да қант диябетінің инсулинге тәуелді екінші диягнызы асыматик.Екі қысымда ұйден оқиды өзім 3 топ мүгедегі мін диягнызым

    • Саламатсызадарма. МейрмдІ жандар біз талдарал ауылында 11 үй 6пəтерінде квартире тұрамыз менім есімі есімімназым 11 жаста мын де бауырым назерке 9жаста екеумізде 1топ мүгедегіміз екеумізде қант дйабеттінін ауыр түрі инсулинге тәуелді міз менім екінші диагізі бауырым цероз ал сінілім назеркенін екінші диагнізі асыматик.Екеумізде үйден оқимыз біз мектепке баралмаймыз ауырудың азабынан достарымыз бен бірге ойнапта күле ал маймыз анамда 3 топ мүгедегі аяғына 15 рет отта жасалды.бірақ ешқандай өзгеріс болмады анамның биягнызы остемел ит хронический гнойни деген бір үйде 3 мүгедек тұрамыз анамыз ға бір жамандық болса бізге кім қарайды жетім болып қаламыз ба деп қорқамыз анамды Алматы қаласына барып тағы отта жасау керек оған баратын қаражат жеткіліксіз болып тұр мен осы сайты телефонынан тауып алып сіздерге сіздерге жазып отырмын миірімді ағалар бізге қол ұшын беріңіздерші анамызға

  • Саламатсыз ба мен Сыбага базары.Султан базары.Жайнме.Отырар.Жана базардағы жане кошеде бойындағы дүңгіршекте сатылып турган самса,гамбургер.пирожки.тандыр нан жане.т.б.онімдерді сатуга руксат берсеңіздер.Рухсат кагазы болсадағы.Откені ол жерде ауыз су жок.ауыз су жок жерде тазалық жок.Мен оз көзімен көрдім картопты жаумай турап салып содан самса пісіріп жатқанын.Халыктың Денсаулыгын ойлана жон.Сол себебі жауып тастауыңызды сураймына.Кызылора аналарының атынан.

  • Саламатсыз ба .Мен ойландырып жүрген бір жагдай бар.Ол ескі базарда босып жүрген өзбектер жур БАРЛЫГЫ базарды басып алган.Біз сол озге ул өкілдерін байытып жатыры.Сол бір өзбек зат сатып турган орынды 2кі казакка бермеске берсек 2кі казак отбасының жагдайы жақсарады сол себепті өзбек азаматтарын оз еліне кайтарыңыз.Казак отбасы жаксы турса сіздердің алдарыңызға барып көмек сұрамайды.Ойланайык осы бастан озге улты басымызга мінгізіп өздерінің калган багасын қойып өрік.миіздерін.дәндерді удай кымбатка сатып казакты қалтасын кагуды ойлап.тек баюды ойлап келген
    Әйтпесе бізге бір жаны ашып осылар Витамин жесінші деп келген жок.Басшылыкта отырган кісілер озбектердін руксат кагазы болсадағы күштеп еліне айтарыңыз.Отініш Кызылорда халқының атынан сұраймын.

Пікір қалдыру