Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жалпы сомасы 10 млрд теңгеден асатын 33 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде, қуаты 8,4 мың тонна сүт-тауар фермасын, 5 мың тонна ет комбинатын салу, 130 тонна түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, пастерленген сүт өнімдерін өндіру цехы.

Сондай-ақ, облыста жайылымдық жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін бірінші кезекте 2,5 мыңға жуық құдық, ұңғыма және басқа да суаратын нысандарға түгендеу жүргізілді. Түгендеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін, пайдаланылмайтын жайылымдық алқаптарда 452 су көзі анықталды. Бүгінде пайдаланылмайтын жайылымдық жердің 11 млн гектарының шамамен 7-і іске қосылды.

Тағы да оқыңыз: