Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданында өрт болып жатыр. Бұл туралы “Facebook” әлеуметтік желісінің қолданушысы Үйтолған Жареке хабарлады.

“Шақырған өрт сөндіру қызметі келер емес. Үрейленген тұрғындар далада жүрміз деп хабарласып жатыр” делінген жазбада.

Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жасыл өлке мен Жаңа арқа көшелерінің қиылысындағы канал бойында 100х200 метр қураған шөп өртенген. Өрт сөндірілуде. Өрт салдарынан қаза болғандар жоқ.

Тағы да оқыңыз: