Kyzylorda-news.kz. Өңірде мониторингтік топ ағымдағы жылдың 8 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін қаладағы 9 емхана және 132 дәріхана мен «СҚ-Фармация» дәріханалар қоймасына мониторинг жүргізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және фармацевтикалық бақылау бөлімінің басшысы Нұрбек Әділханов мәлімдеді.

«Жұмысшы топтың алғашқы күнінде дәріханаларда ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы, антибактериалдық дәрілермен қамтамасыз етілуі 83,6 пайызды құраса, 17 күндік мониторингте 97,7-і пайызға дейін көтерілді. Бұдан бөлек, «Чингиз» дәріханалар жерлесіне бір реттік әкелу тәртібі бойынша көп мөлшерде сұранысқа ие дәрілер жеткізілді»,- деді Нұрбек Уалиханұлы.

Мониторинг жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтар да орын алған. Атап айтқанда, қаладағы 3 дәріхана дәрілік затты бекітілген шекті бағасынан асырып сатқан. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне осы заң бұзушылықтары үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 426-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынған.

Сондай-ақ, облыста тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаменті құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдар бойынша 40 әкімшілік іс қозғап, 6 материалды әкімшілік сотқа жолдады. Оның ішінде фармацевтикалық қызметке рұқсат құжатынсыз дәрілік затты сату, Қазақстан Републикасында тіркелмеген және медициналық мақсатта қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік затты сату дерегі бойынша жеке тұлғаларға қатысты 14 іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз: