Бүгін Қызылордада қала күні тойланады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Бүгін Қызылордада қала күні тойланады

25.09.2020, 9:57

757 0

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар 21-26 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған.

Мерекелік іс-шараларды іске асыру эпидемияға қарсы карантиндік режимге байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын қабылданған шектеулерге байланысты үйлестірілетін болады. Осы ретте, іс-шаралар жоспарын дайындау барысында карантиндік ахуал ескеріліп, халықтың жаппай жиналуына жол бермей жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ақпараттық тұрғыда және онлайн форматта ұйымдастырылады.

60 жуық мерекелік іс-шара онлайн форматта Ютуб каналы мен Фейсбук, Инстаграм тағы басқа да әлеуметтік желілері арқылы көрсетілетін болады. Негізгі мерекелік шаралар 25 қыркүйекте жаңадан және қайта жаңғыртудан өткен әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру салтанатымен ұштасады.

Атап айтқанда, түске дейін облыс және қала әкімінің қатысуымен «Денсаулық» саябағын пайдалануға беру, қайта жаңғыртудан өткен «Сыр ана» алаңының жұмысымен танысу, Жаппасбай батыр көшесі бойындағы жаңа №282 мектеп-лицейін пайдалануға беру, облыстық медицина орталығы алдында «Дәрігерлер» аллеясының ашылуы, жаңадан салынған балалар ойын алаңын пайдалануға беру, мемлекет және қоғам қайраткері Ы. Қалиевтің ескерткіш бюстінің ашылуы, қайта жаңғыртудан өткен «Тағзым» алаңының жұмысымен танысу, сол жағалаудан салынған көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілтін табыстау рәсімдері жүзеге асырылады.

26 қыркүйек сенбі күні мерейлі мерекеге тарту ретінде Қызылорда қаласы және барлық аудандардың қатысуымен биылғы жылдың алғашқы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі арнайы белгіленген орындарда өтеді.

0

Пікір қалдыру