«Қызылорда аруы-2019» Камилла Серікбай Америкаға аттанды (видео) – Kyzylorda News
Басты бет

«Қызылорда аруы-2019» Камилла Серікбай Америкаға аттанды (видео)

11.05.2021, 18:00

513 0

Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда аруы-2019» Камилла Серікбай «Әлем аруы» сұлулық байқауының финалына дайындалу үшін Америкаға аттанды. Қазақстандық қыз байқауға бірнеше ай өз Отанында дайындалған болатын, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

Камилла Серікбай 2019 жылы «Қызылорда аруы» атанып, «Қазақстан аруы» финалында туған қаласының намысын қорғады. Бойжеткен бірнеше тіл біледі, каратэмен айналысады, қоңыр белбеу иегері. Instagram-ға жеке суреттерін салып, шпагатқа қалай отыратынын көрсетеді.

Камилла байқау үшін презентациялық роликке түсті. Сондай-ақ Қазақстан, оның табиғаты, таулары мен өзен-көлдері туралы шағын мәтін жазды.

«Әлем аруы» байқауы 2021 жылы 16 мамырда АҚШ-тың Флорида штаты Холливуд қаласында өтеді.

Камилла Серікбайға конкурс сайтында немесе Miss Universe мобильді қосымшасында дауыс беруге болады.

0

Пікір қалдыру