Қызылорда: 14 елді мекенде 100 сұрыптап қоқыс жинау контейнерлері орнатылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: 14 елді мекенде 100 сұрыптап қоқыс жинау контейнерлері орнатылады

04.01.2021, 20:00

247 0

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы белсенді түрде әрбір отбасына жаңа тұрғын үй құрылысын қолжетімді болуын қолдайды.

Партия алдағы 5 жыл шеңберінде Тереңөзек кентінде 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысын салуды жоспарлап отыр. Әсіресе Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, А.Тоқмағанбетов, Қалжан ахун, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шаған, Шіркейлі, С.Сейфуллин елді мекендерінде үш бөлмелі 3 тұрғын үй, Жетікөл елді мекенінде үш бөлмелі 2 тұрғын үй салынады. Жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй құрылысын салу да көзделген.

Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Расул Есенов Тереңөзек кентінде өткен «Есіктен есікке» акциясы аясында айтты. Үгіт-насихат жұмыстары аясында үміткер кент тұрғыны, құқық қорғау органдарының зейнеткері Руслан Оспанов, көпбалалы әке Владимир Жиганов, омарташы Алексей Сыпачев және жалғыз басты ана Ольга Дмитриевнаның үйіне табан тіреп, дидарласып қайтты.

Тұрғындар өздерін толғандырған түрлі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, көкейдегі сауалдарына нақты жауап алды. Оның ішінде сапалы жол, кәсіпкерлік, қаржылай көмек, медициналық қолжетімділіктті арттыру және тұрғын үй мәселесі қозғалды.

«Тереңөзек кентіндегі 12 көп қабатты тұрғын үйлерге тұрғындардың келісімімен тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөңдеу жүргізіледі. Тереңөзек кентінде тұрмыстық қатты қалдықтардың жинау және өңдеу полигонын салуға, барлық 14 елді мекенде 100 сұрыптап қоқыс жинау контейнерлерін орнатуға ықпал етеді. Ал 2021 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдарға онлайн режимде көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталы енгізілмек. Әр ауылдық округте мүгедектерге материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетуге ықпал етпек», – деді үміткер Расул Әбутәліпұлы.

Сондай-ақ партия алдағы жылдары «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға гранттар ұсынуға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» жобаларымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға ниетті.

Сұрақтарға тұшымды жауап берген үміткер үгіт парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

0

Пікір қалдыру