Kyzylorda-news.kz.  Түрлі құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған жаңа сервис – «102» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қазіргі заманғы және заманауи техникамен қамтамасыз етілген жедел басқару орталығында (ЖБО) үлкен мониторлар орналасқан. Осы мониторларда тәулік бойы нақты уақыт режимінде қала бойынша шоғырланған бейнебақылау камераларынан деректер көрсетіледі. Мониторлар арқылы ЖБО қызметкерлері қаладағы орын алып жатқан барлық әрекеттерді мұқият бақылайды.

Мұнда “102”мобильді қосымшасы арқылы аудио-видео қоңыраулары да келіп түседі.

Бүгінгі таңда, қосымша сәтті жұмыс істеуде және тұрғындардан 10 хабарлама келіп түсті. Олардың ішінде алаяқтық, тұрмыстық зорлық зомбылық және т.б. олардың ішінде бейне қоңырау арқылы – 4, аудио арқылы – 3 және смс хабарламалар-3.

Тағы да оқыңыз: