Қызылорда: 10 миллион теңге несие алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: 10 миллион теңге несие алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

23.02.2021, 11:00

334 0

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне  57 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуы бойынша 2020 жылдың қазан айында белгісіз азаматша 10 миллион теңге көлемінде несие алып беремін деп сеніміне кірген.

Алаяқ жәбірленушіге «Актив центр» орталығынан несиеге «Айфон-11» маркалы ұялы телефонын алдыртып,  400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Зардап шегуші көп ұзамай алаяқтық құрбанына айналғанын түсінеді.

 «Дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру қорытындысына сай қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 44 жастағы азаматша ұсталды. Қазіргі таңда, күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

0

Пікір қалдыру