Kyzylorda-news.kz. Жолдың жабылғаны туралы ақпаратты жергілікті жұрт 5 минутта алады. Оны Қазавтожол компаниясы жедел түрде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратады, деп хабарлайдыХабар-24“.

Бұған қоса, компания өкілдері алыс жолға шығарда 14-03 нөміріне алдын ала хабарласып, қажетті мәліметтерді біліп алуға кеңес береді.

Байланыс орталығындағы диспечерлер күні-түні жұмыс істейді. Олар жолдағы жағдай туралы ақпарат берумен қатар қиындыққа тап болған жолаушыларға да қажетті көмек көрсете алады.

«Олар төтенше жағдайлар не жедел жәрдем сияқты қызметтермен байланыстырып, қауіптің бетін қайтаруға барын салады. Барлық автожүргізушілердің қолайлығы үшін бізде қысқа 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығы бар. Біздің диспечерлер келіп түскен сұрақтарға жауап дайындап, автожолдағы өзекті ақпарат туралы мәлімет береді және жүргізушілер жолда қалып қойған жағдайлар болса, осы нөмір бойынша хабарласа алады», – дейді Ақылы автомибиль жолдары дирекциясы баспасөз қызметінің басшысы Айдана Айдынқызы.

Тағы да оқыңыз: