Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында балық шаруашылығы айтарлықтай жақсы дамып келеді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Соңғы 5 жылда балық өнімдерінің экспорты 2,5 есеге дейін артса, экспортқа шығаратын елдердің тізімі тек соңғы жылда 8-ден 11-ге дейін көбейді.

«Бүгінде біз балық ресурстарына тұтынушылық тұрғыдан ғана қарап келе жатқанымызды мойындауымыз қажет. Яғни, оны өнеркәсіптік деңгейде аулап, табиғатқа келетін залалын өтемей отырмыз. Балық питомниктерін, тоған шаруашылықтарын дамытуға күш салуға тиіспіз. Бұл – индустриалды балық өсірудің маңызды бағыттарының бірі болып саналады», – дейді аймақ басшысы.

Облыс әкімі аталған саланы дамыту үшін мүмкіндіктер бар екенін, алайда, бұл бағытта бизнес ашуға кәсіпкерлер әзірге ынта білдірмей отырғанын жеткізді. Сондай-ақ бұл табыс табудың жақсы мүмкіндігі екенінде айтты.

Тағы да оқыңыз: