Kyzylorda-news.kz. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріледі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:

– бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;

– объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;

– жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу.

Қазіргі таңда бұл қызметтер қағаз жүзінде іске асырылып, мынадай тетіктерді қарастырады:

«Қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комитет көрсететін мемлекеттік қызметтің екі түрі жыл соңына дейін электрондық форматқакөшіріліп, Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіле бастамақ. Бұл – бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу және жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу мемлекеттік қызметтері. Осылайша қызметкерлер мен қызмет алушылар арасындағы байланыста адами фактор жойылады. Қарастыру мерзімі 15 жұмыс күнінен 20-40 минутқа дейін қысқарады» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп, ақпараттық жүйелердің техникалық даярлығы пысықталуда.

Сонымен бірге сараптамалық қызметтің өзін-өзі реттеу жүйесін енгізу (енгізу мерзімі – 2020 жыл) бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол бойынша жеке сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу мен жобалардың жеке сараптамасы бойынша сарапшыларды аттестаттау нарықтық ортаға беріледі. Аталған шара сараптама нарығы субъектілеріне кәсіби бақылау жүргізіп, сақтандыруды енгізу жолымен олардың жауапкершілігін күшейтеді.

Тағы да оқыңыз: