Құрбан айт күні иесінен қашқан бұқаның әрекеті жұртты таңғалдырды (ВИДЕО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Құрбан айт күні иесінен қашқан бұқаның әрекеті жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

01.08.2020, 13:00

1839 0

Kyzylorda-news.kz. Полиция инспекторлары мал базардан қашып кеткен бұқаны ұстап, иесіне тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 31 шілде күні болған. Бұқаның иесі оны мал базардан сатып алған. Көлікке тиеп жатқан сәтте жануар қашып кеткен. 

Ал куәгерлердің айтуынша, ашатұяқты жануар 4А ықшамаудандағы теңіз жағалауында суға түсіп, содан 15 ықшамауданға дейін жүзіп өткен.

«Бұқаны 15 ықшамаудандағы жағалауда инспекторлар ұстап, иесіне тапсырды», – делінген облыстық полиция хабарламасында.

Айта кетейік, Ақтау қаласындағы орталық көшеде арқанын сүйретіп қашып бара жатқан ірі қара түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын.

0

Пікір қалдыру