Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Облыс орталығында 396 жалдамалы пәтер тексерілді. Облыс бойынша барлығы 1475 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, ұсақ бұзақылықтың 162 дерегі тіркелсе, қоғамдық орында масаң күйде болудың 136 дерегі, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбаудың 2 дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауының 6 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзудың 170 дерегі, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 173 дерегі, құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік органның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша 1 дерек анықталып, барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: