Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери салаға қатысы жоқ адамдарға камуфляж киюге қандай жағдайда тыйым салынатынын және форманы заңсыз кигені үшін айыппұл төлемеу үшін нені білу керектігін кеңірек айтып берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

“Айырым белгілері (шеврон, погон, Қарулы Күштерге, өзге әскерлерге және әскери құрамаларға тиесілі екенін білдіретін басқа да жолақтар) бар әскери киімді оған қатысы жоқ адамдарға киюге тыйым салынады. Айырым белгілері жоқ камуфляж костюмдерінің өзі әскери киім болып саналмайды. Олар базарлар мен дүкендерде сатылады, қарапайым адамдарға киюге тыйым салынбаған”, – деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: