Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жігіт сот үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша 200 (екі жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуға шешім шығарылған.

Алайда жазасын өтеуші ескертулерге қарамастан қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға мүлдем бармай, қоғамдық жұмыстарды орындаудан бірнеше рет дәлелді себептерсіз жалтарған.

Пробация қызметі тарапынан жазасын өтеушіге қатысты Байқоңыр қалалық сотына қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Байқоңыр қалалық сотының 2021 жылғы 29 наурыздағы  қаулысының негізіндежазасын өтеушінің қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасының өтелмеген 200 сағаты 50 тәулікке бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Тағы да оқыңыз: