Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық QazVac вакцинасы Қырғызстанда ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында мәлім етті.

«QazVac Қырғызстанда ресми тіркелді», – деп жазды министр.

«The Lancet журналы отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын!», – деген болатын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Тағы да оқыңыз: