Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин дүниеден озды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин дүниеден озды

13.06.2021, 15:00

417 0

Kyzylorda-news.kz. Еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті. Суыт хабарды үкіметтің баспасөз қызметі растады.

Ұзақбай Мамин 1937 жылғы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған.

Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті.

Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті.

SputnikҚазақстан

0

Пікір қалдыру