Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында орналасқан Төңкеріс елді мекені тұрғындарының мазасы әбден қашқан. Бұл туралы Қазақстанның Халық партиясының өкілдері хабарлады.

2018 жылы бұл жерде экологиялық заңнама талаптарына қайшы, жеке меншік үйлерден небары 520 метр қашықта цемент зауыты салынған. Ал зауыт жұмыскерлеріне арналған жатақхана нормаға сай өндіріс орнынан 3 км қашықта бой көтерген. Зауыттан атмосфераға бөлінетін шаң-тозаңның әсерінен тұрғындардың денсаулығы сыр бере бастады.

Тұрғындардың айтуынша, балалардың терісіне жара қаптап, егде адамдардың тыныс алуы қиындаған. Төңкерістіктердің шағымын не «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС басшылығы, не жергілікті билік ескерер емес. Тұрғындар зауыт басшылығы тарапынан өтемақы төленуін талап етеді. Олардың бар тілегі – денсаулыққа қауіпсіз жерге көшу.

“Қазақстанның Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер біздің өкілдеріміз тұрғындардың жанайқайын тыңдап, елді мекендегі экологиялық ахуалмен танысты”, – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: