Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова дәмханада ауызашар өткізуге болатынын айтты.

«Иә, қазіргі кезде тамақтану орындарына 30 адамға дейін кіргізуге рұқсат берілді. Алайда тиісті талаптар сақталуы қажет. Атап айтқанда, дезинфекциялық шаралар жүргізілуі шарт. Ал ең бастысы, адамдар арасындағы қашықтық сақталуы керек», – деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, үйде 30-50 адамды жинауға болмайды. Себебі ондайда арақашықтық сақталмайды. Осы уақытқа дейін ондай отбасылық шарада коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғалары тіркелген.

Айта кетейік, 18 мамырда Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарын ашуға рұқсат берді. Мешіттер де жұмыс істей бастады.

Тағы да оқыңыз: