Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі әліде антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте –көктайғақ, оңтүстік-батысында- шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Түркістан, күндіз Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, Манғыстау облысында күндіз шаңды дауыл соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының түнде кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.

Тағы да оқыңыз: