Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезіндегі қағаз анықтамалардан босатады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елде қажетті құжаттарды жұмыс берушіге қашықтан жылдам жіберетін жаңа қызмет сынақтан өткізілуде.
“Азаматтарға да, бизнеске де қатысты процестер бар. Мысалы, жұмысқа қабылдау. Анықтамалар миллион рет беріледі, оларды алу үшін адамдар ХҚКО-ға немесе электрондық үкімет порталына келеді. Бизнес-құрылымдар сотталмағандығы туралы анықтаманы, психонаркобақылау анықтамасын, мекенжайды растауды талап етеді. Қазірдің өзінде біз оны сынақтан өткізіп жатырмыз, жыл соңына дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, енді адамдарға бұл анықтамаларды ешқайда апарудың қажеті жоқ”, – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, жаңа сервис жұмыс берушіге жаңа қызметкерге қажетті анықтамаларды өз бетінше сұратуға мүмкіндік береді.
“(Жұмыс беруші) ЖСН енгізеді, ол қандай ақпарат сұрағысы келетінін таңдайды. Жеке тұлғаға бұл деректерді жұмыс берушіге электрондық форматта беруге дайын екендігі туралы SMS (сұрақпен) келеді. Егер ол “Ок” деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни жұмыс берушілер мен ХҚКО арасындағы жүріс тоқтатылады”, – деді министр.