Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді.  Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.

21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан, яғни 21-25 наурызда демалу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

Тағы да оқыңыз: