Қазақстандықтар 2020 жылғы мерекелерде қалай демалады? – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстандықтар 2020 жылғы мерекелерде қалай демалады?

25.11.2019, 15:00

792 0

Kyzylorda-news.kz. Алдағы жыл қазақстандықтар үшін дәстүрлі мерекелік күндермен басталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан халқы Жаңа 2020 жылды қарсы алған соң қаңтардың 1 мен 4 аралығында демалады.

5-қаңтар (жексенбі) мен 6-қаңтар (дүйсенбі) жұмыс күні болады. 7 қаңтар Рождествоның құрметіне ел тұрғындары тағы да демалады.

Сонымен қатар ел көптеген күтетін мерекенің бірі- 8-наурыз халықаралық әйелдер күні.

Бұл мейрамға орай қазақстандықтар үш күн демалады (7-наурыз сенбіге, 8-наурыз жексенбіге түсетіндіктен, 9-наурыз дүйсенбі демалыс болмақ).

Сондай-ақ, Наурыз мерекесінде тұрғындар 21-наурыздан (сенбі) бастап, 25-наурызға дейін (сәрсенбі) демалады.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл күн жұмаға түскендіктен, қазақстандықтар бірден үш күн (жұма, сенбі, жексенбі) демалады.

Жеңіс күніне орай ел тұрғындары 7-10 мамыр аралығында төрт күн демалады.

Ал 6-шілде Астананың туған күніне орай 4-6 шілде аралығында үш күн демалыс болмақ.

Конституция күнінде де ел тұрғындары үш күн қатарынан демалады (29-31 тамызда).

Одан кейінгі демалыстар тек желтоқсан айында болмақ. Тәуелсіздік күнінде ел тұрғындары төрт күн (16-19 желтоқсан) демалады. Сөйтіп жұмыс күні жексенбі күнінен басталмақ.

Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін NUR.KZ алдағы 2020 жылы болатын мерекелік және демалыс күндердің күнтізбесін жасады.

0

Пікір қалдыру