Қазақстанда жаңа мереке пайда болады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

05.03.2021, 16:40

344 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасы ҮПАЖ, 2017 ж., № 53, 343 б.) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 5-1 толықтырылсын:

«5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні – 15 сәуір», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжаттарына.

Аталған бұйрық оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-zhana-mereke-payda-bolady_a3760978

0

Пікір қалдыру