Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

15.03.2020, 12:23

185 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда Қазақстанда аталған инфекцияны жұқтырған 8 науқас бар.

«Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас – әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті.

«Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», – деді ол.

0

Пікір қалдыру