Kyzylorda-news.kz. Соттардың артық рәсімдері мен шығындары қысқартылады. Сондай-ақ сот жұмысы заманауи форматқа көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Сенат азаматтық процестік кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.

Бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын сенаторлар екі оқылымда қарап, кеңінен талқылады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл өзгертулер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Заңнама сот жүйесін жаңғыртып, электронды қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырмақ.

Тағы да оқыңыз: