Kyzylorda-news.kz. Келер жылы елімізде шетелдік жұмыс күшінің саны екі есе қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы квота мөлшері 49 мыңнан 25 мыңға дейін азайту жөніндегі ұсыныс қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін үкімет үйінде өткен брифингте айтылды. Еңбек қатынастары саласындағы өзгерістерге жауапты министрлік басшысы тоқталды. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, еңбек инспекторлары енді 5 жылда бір рет емес, әр жыл сайын шетелдік компанияларды жоспарлы түрде тексеруге мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, келер жылы жекеменшік мекемелерге еңбекақыны көбейту міндеттеледі. Сол арқылы 1 млн 200 мың адамның әл-ауқатын жақсарту көзделіп отыр. Ал жыл соңына дейін зейнетақы жинақтарын тұрғын үй немесе білім алу мақсатында алу жөніндегі бастаманың жай-жапсары белгілі болады.

«Жұмыс тобы құрылған еді. Жоспар бойынша желтоқсанда ұстанымға келіп, Президентке ұсыныс жасаймыз. 10 млн есепшот. Жиналғаны 10 трлн теңге. 70%-і 1 млн теңгеге дейін», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Тағы да оқыңыз: