Қазақстанда шетелдік көліктерге сары түсті нөмір ілінеді – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда шетелдік көліктерге сары түсті нөмір ілінеді

27.01.2020, 18:00

517 0

Kyzylorda-news.kz. ІІМ басшысының орынбасары бүгін журналистерге Қазақстанда тіркелгеннен кейін ЕАЭО елдерінен әкелінген барлық көліктерге ілу жоспарланған нөмірлік белгілердің алғашқы үлгісін көрсетті. Олар сары түсті және онда өңірлік нөмірдің орнына 18 саны болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сырттан кірген көліктерді 2020 жылдың ақпанына дейін тіркеу үшін қазақстандықтар көліктің барлық құжаттары мен өзінің жеке куәлігін алып мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек.

Уақытша тіркеуден кейін көлікке сары түсті нөмір ілінеді. Марат Қожаев журналистерге нөмірдің алғашқы үлгісін көрсетті.

Шетелдік көліктерге қазақстандық өңірлік нөмір орнына «18» саны беріледі.

Сонымен бірге, көлік иесінің техникалық құжатында арнайы белгі жасалады. Яғни, тіркеу куәлігінің ««жарамдылық» күнін 2021 жылдың наурызына дейін қояды.

ІІМ айтуынша, «уақытша тіркеу» шетелдік көліктерге арналған Қазақстан президенті тапсырған бір реттік акция.

0

Пікір қалдыру