Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрлігі жабылған тасжолдармен жүрген автожүргізушілерге айыппұл салу мәселесін қарастырып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Осындай мәселе бізде талқыланып жатыр. Естеріңізде ме, Владимир Божко ТЖ министрі (қазір Мәжілістің вице-спикері) болған уақытта ол жүргізушілерді жауапкершілікке тартуды ұсынған (ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдың жабылуына қарамастан шектеу қойылған жолдармен жүргені үшін) болатын. Қазір осы мәселе қайтадан көтеріліп жатыр», – деді ІІМ ТЖ Комитетінің басшысы Владимир Беккер. 

Оның айтуынша, осындай ережені Әкімшілік жауапкершілік кодексіне енгізуді ұсынған.

Тағы да оқыңыз: