Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда алдағы уақытта халықтың ПТР тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізіледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде мәлім етті.

«Тестке қолжетімділікті арттыру үшін қазіргі зертханалар қосымша жарақтандырылуда. Қосымща 20 ПТР анализатор сатылып алынады. ПТР тест үшін 8 мобильді орталық құрылады. Бұл орталықтар ауылдарда да салынады», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша бұл жұмыстар Қазақстанда алдағы уақытта халықтың ПТР тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізуге мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: