Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда кәсіпкерлерге мобильді қосымшалар арқылы картадан картаға жіберілетін ақша аударымдарына салық енгізу жоспарлануда. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сонымен қатар, кәсіпкерлердің тұтынушылардан банктік мобильді қосымшалар арқылы алатын ақша аударымдарын фискализациялау мәселесін шешуге баса назар аудару қажет. Біз қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуы жақсы қарқынмен жүріп жатқанын көріп отырмыз, олардың саны екі есеге артқан. Бірақ, мобильді қосымша арқылы ақша айналымын жүзеге асырып отырған кәсіпкерлер де салық төлеуі керек”, – деді Әлихан Смайылов қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Ол салық салу қазіргі кезде кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктерді ескере отырып жүргізілуі керек екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: