Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі жиында елімізде коронавирустың жұқпалылығы жоғары мутацияланған үш штамы расталғанын мәлімдеді.

«Індеттің таралуы ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың көбеюімен, сондай-ақ өлімнің артуымен қатар жүреді», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады.

Тағы да оқыңыз: