Қазақстанда коронавирус жұқтыруы мүмкін 47 адам іздестірілуде – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда коронавирус жұқтыруы мүмкін 47 адам іздестірілуде

31.03.2020, 18:30

564 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық полицейлер коронавирус жұқтыруы мүмкін деген 47 адамды іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 

Министр тәртіп сақшылары мен әскерилер төтенше жағдай орнатылған бірінші күннен бастап дәрігерлермен бірге елдің қауіпсіздігін күзетіп жүргендерін алға тартты. 

«Коронавирусқа тап болуы мүмкін деген адамдарды іздеп тауып, медициналық мекемелерге жеткізу үшін тиісті шаралар атқарылуда. Денсаулық сақтау органдарының тапсырысымен 3800 адам табылды Тағы 47 адамды іздеудеміз», – деді Тұрғымбаев. 

Бұған қоса ол ішкі істер органдарының қызметкерлері ауру табылған ошақтарды қоршауға алуға қатысып жатқандығын атап өтті. Сөзінше, қазіргі таңда 31 тұрғын үй нысаны карантинге жабылыпты. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 31 наурыз 15:30-дағы мәлімет бойынша 336-ға жетті.