Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған Ресей Федерациясының азаматы анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

«Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Ол Алматы қаласына 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазір ол карантинде стационарда жатыр. Денсаулығы жақсы», – деді Д. Ахметшәріп брифинг барысында.

Ресми өкіл коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 19 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты.

«Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, елімізде барлығы 37 науқас тіркелді», – деді Диас Ахметшәріп.

Тағы да оқыңыз: