Қазақстанда халық санағына 8 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда халық санағына 8 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалады

15.02.2020, 11:00

283 0

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы 1-30 қазан аралығында Қазақстанда халық санағы өтеді. Оны ұйымдастыруға 2020 жылы  шамамен 4 миллиард теңге жұмсау жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, ұлттық халық санағы шартты түрде екі кезеңнен тұрады екен. 

Дайындық кезеңі – 1-30 маусым аралығында. Интервьюерлер тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстардың мекенжайларын, сондай-ақ ондағы тұратын халықтың нақты санын нақтылау мақсатында әрбір елді мекен бойынша аралап шығатын болады. Осы кезеңде аудандастыруға дайындық жүріп жатыр.

Аудандастыру санағы – бұл санақтың екінші кезеңін өткізу үшін өңірдің әрбір елді мекенінің аумағын нұсқаушы және есеп учаскелеріне бөлу.

Негізгі кезең – 1-30 қазан аралығында. Қазан айының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі, онда респонденттер өзіне және өз отбасы мүшелеріне арнайы sanaq.gov.kz сайтында Интернет арқылы санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады.

Бұл респонденттерге өз бетінше санақтан өтуге, санақ парақтарын толтыруға, оларды толтырудың әрбір кезеңінде түсіндірмелер мен кеңестер алуға виртуалды көмекші мүмкіндік береді.

1-30 қазан аралығында интервьюерлердің мәліметтері жиналады, жауаптарды планшеттерде тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізіледі.

Интернет арқылы мәліметтерді ұсынған респонденттер интервьюерлерге жауап бермейді. Халықпен сауал жүргізу кезінде респондентті сәйкестендіру ретінде сұралатын адамның ЖСН пайдаланылады. Аяқталғаннан кейін халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі.

Статистика комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық халық санағын дайындау және өткізу үшін 2018-2022 жылдар аралығында ведомство үшін 8 миллиард 211 миллион теңге сомасында шығыстар көзделген.

«2009 жылғы Қазақстан халық санағының бюджеті 6,5 миллиард теңге болған. 2009 жылғы санақ жүргізу кезінде бір адамға жұмсалатын шығындар 2,9 доллар болды, ал 2020 жылы 1,2 доллар болады. Осы жылы-шамамен 4 миллиард теңге, шығынның негізгі сомасы-еңбек ақы төлеуге (интервьюерлерге), 3,7 миллиард теңге жұмсалады. Шамамен 900 миллион теңге – ақпараттық санақ жүйесіне жұмсалады. 1 миллиард теңгеге жуық планшеттерге жұмсалып, сөмкелер мен шарфтар сатып алынды. Аудандарда алыс ауылдарға бару үшін көлік жалдаймыз. Биыл – шамамен 4 миллиард теңге. Ал санақ процесі 2018 жылдан 2022 жылға дейін жалғасады. Бізде екі жыл дайындық болды, содан кейін санақтың өзі, содан кейін екі жыл бойы біз мәліметтерді беруге тиіспіз. Бұл жинақтар, түрлі материалдар, процесс екі жылға созылады», – деді Нұрболат Айдапкелов ОКҚ-да.

Салыстыру үшін, 2020 жылғы Ресей халық санағының бюджеті 50 миллиард рубль. Ресейде санақ жүргізу кезінде бір адамға арналған шығындар – 3,6 АҚШ доллары.

Бұл ретте бір адамға шаққандағы санақ құны: Беларусьте-1,04 доллар,Әзірбайжанда-1,44 доллар.

0

Пікір қалдыру