Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарға ғарыштан мониториг жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл пилоттық жобамен Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстары қамтылып отыр. Жалпы Тобыл өңірінде егін егіп, мал бағуға арналған жер ауқымы 12 миллион гектарды құрайды. Бірақ соны дұрыс игермеу немесе заңсыз иелену жайттары аз емес. Өткен жыл ішінде қараусыз қалған 320 мың гектар алқап мемлекет меншігіне қайтарылған. Тағы 104 мың гектарға қатысты іс сотта қаралып жатыр.

«Ғарыштан бақылау егіндік, шабындық жерлерді кім, қалай пайдаланып жатқандығын нақты анықтауға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.

«Бұл жоба бізге ешқайда бармай-ақ спутник арқылы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Жер телімдері қалай пайдаланылып жатқандығын тез анықтап, сол бойынша шұғыл түрде тиісті шаралар қолданатын боламыз», – дейді облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Әбдуов.

Тағы да оқыңыз: