Қазақстанда асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы өседі – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы өседі

30.12.2020, 16:20

354 0

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдан бастап Қазақстанда мүгедектігі және асыраушысынан айрылғаны үшін берілетін төлемдер 5 пайызға өседі, деп хабарлайды Stan.kz

1 қаңтарға дейін мүгедек және асыраушысынан айырылған ретінде тіркелген қазақстандықтардың жәрдемақысын көтері туралы бұйрық шықты. 

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін алынған әлеуметтік төлемдер сомасының бес пайызға көбейтілсін», – делінген үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысында. 

Бұйрық 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

0

Пікір қалдыру