Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда ақбөкендерді атуға тыйым салу мораторийі үш жылға созылды.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жыртқыштар дүниесі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Сәкен Ділдахмет айтты.

“Ақбөкендер санын сақтау және көбейту мақсатында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен ақбөкендерді, олардың бөліктері (мүйізі) мен дериваттарын (бағалы затын) Қазақстанның барлық аумағында 2023 жылға дейін ғылыми мақсатта қолданудан басқа пайдалануға тыйым салынды”, – деді ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Ол сондай-ақ, бұйрық 10 ақпанда тіркеліп, жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілгенін айтты.

“Қазіргі уақытта Қазақстанның түрлі аймақтарында ақбөкендердің жағдайы бірдей емес. Үстірт популяциясының саны тым нашар – 5,9 мың дана. Бетпақдала популяциясының саны 111,5 мың дана, ол 2015 жылы жаппай қырылудан кейін қалпына келу сатысында (сол кезде 150 мыңнан аса дана қырылған еді). Сондай-ақ, Орал популяциясының саны қалпына келу сатысында және 217 мың дана”, – деп жазды ол.

Тағы да оқыңыз: