Қазақстан жастары үндеу жолдады – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстан жастары үндеу жолдады

10.01.2022, 17:40

330 0

Kyzylorda-news.kz.  Еліміздегі жастар ұйымдары қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Құрметті жас қазақстандықтар!

Біз, Қазақстан жастары, Қазақстанның даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырушылар, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, ел мен Қазақстан халқы алдындағы өзінің қасиетті борышын сезіне отырып, бірлік пен ұйымшылдықты, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді, Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын қорғай отырып, Ел Президенті Қ.К. Тоқаевқа терең құрмет пен алғыс білдіре отырып, осы қиын-қыстау сәтте еліміздің жас ұрпағына үндеу жасаймыз.

Біз Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ҚР Конституциясына сәйкес әрекет ететін, қажетті шешімдерді қабылдайтын – еліміздің барлық азаматтарының тыныштығы үшін күресетін барлық бастамаларын толық қолдаймыз!

Қазақстанның жас азаматтарын төтенше жағдай талаптарына, Заңға қатаң бағынуға, ел тыныштығын бұзатын арандатушылардың сөзіне сенбеуге, тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде волонтерлік штабтар жұмыс істейді, оларға жастар проблемалық мәселелерді шешу үшін жүгіне алады. Сондай-ақ жастар волонтерлік штабтардың қызметіне қатыса алады.

Осындай сын сағатта біз ел Президентінің айналасына топтасып, біртұтас болуға тиіспіз. Бізге ел тыныштығы мен ынтымағы, халық бірлігі керек! Бізде бір ел, бір халық, бір тағдыр бар! Күшіміз бірлікте!

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ;

«Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ;

«Ассамблея жастары» РҚБ;

«Жас ұлан» ББҰ» РҚБ;

«Жасыл ел» РЖЕОШ;

«Қазақстан студенттер альянсы» РСҚ;

«Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттардың ассоциациясы» ҚБ;

«Казақстан КТК Одағы» РҚБ;

Өңірлік жастар ұйымдары;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың жастар ресурстық орталықтары.