Қазақстан қалаларында карантин толығымен қашан алынады: Бас санитар дәрігердің түсіндірмесі – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстан қалаларында карантин толығымен қашан алынады: Бас санитар дәрігердің түсіндірмесі

17.04.2020, 18:00

1572 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда карантин біртіндеп алынып тасталады, деп мәлімдеді елдің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова брифингіде.

Ол тіркелген оқиғалардың санына байланысты карантиндік шараларды жою кезең-кезеңімен жүргізілетінін түсіндірді.

Бүгінгі таңда кейбір талаптар қайта бекітілді.

1 кезең – Науқастар санының өсуі кем дегенде бір апта ішінде 5% -дан аспаған жағдайда.

2-кезең – карантин шаралары одан да әлсіреп, 2% өскен жағдайда.

«Карантин толығымен алынып тасталады. Біздің елде тұрақты тұратындар мен байланыс жасағандар арасында науқастардың тіркелуі мүлдем тоқтатқан кезде, біз күнделікті өмірге ораламыз», – деді Есмағамбетова.