Kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткерлер:

Сауытбек Әбдірахманов – Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
Аветик Амирханян – БҚО армян этномәдеми “Масис” қоғамдық бірлестігінің өкілі;
Ілияс Буларов – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
Наталья Деменьтева – Көкшетау білім басқармасының “Технический лицей” КММ директоры;
Юрий Ли – “Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы” ЗТБ төрағасы;
Вакиль Набиев -күрттердің “Барбанг” қауымдастығының” вице-президенті;
Шамиль Осин – “Шығыс” фермерлік шаруашылығының басшысы;
Владимир Тохтасунов -“ЖетісуОблГаз” ЖШС бас директоры;
Абилфас Хамедов – “Әзербайжандар қауымдастығы” РҚБ төрағасы.

Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының өкілдері ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс бергенін атап өтті.

Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға – 270, Ілияс Буларовқа – 274, Наталья Деменьтевке – 292, Вакиль Набиевке – 285, Юрий Лиге – 282, Шамиль Осинге – 271, Владимир Тохтасуновқа – 277, Абилфас Хамедовке – 290 бюллетень берілген.

Тағы да оқыңыз: