Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін сатқан полицейлер ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін сатқан полицейлер ұсталды

08.02.2021, 12:00

177 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін сатқан полицейлер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, Алматы қалалық полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерінің қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Полиция қызметкерлері азаматтық тұлғалармен ымыраласып, ведомстволық ақпараттық базаны сатуды бизнеске айналдырып алған.

«Жеке мәліметтер үшінші тұлғалардың қолына түсіп отырған», – деді департамент бастығы.

Арман Садановтың нақтылай түсуінше, аталған қылмыстық әрекетке Алматы қалалық полиция департаментінің қызмет істеп жүрген 2 қызметкерінің және бұрынғы 3 қызметкерінің, бір азаматтық тұлғаның қатысы бар екендігі анықталып отыр.

«Олардың тікелей бастықтары қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Тіпті лауазымынан босатылғандары да бар», – деді ол.

0

Пікір қалдыру