Kyzylorda-news.kz. Әрбір қыз бала бойжетіп,әке-шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып,басқа бір елге келін боп түсіп,келіншек атанады. Өз шаңырағын көтеріп,үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып, өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу-қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған,әсіресе,әке-шешесі қуанады.

Қалыңдық үшін де болашақ күйеуінің негізгі қасиеттерін білуі шарт:

мінез-құлқы,

әдет-дағдылары,

ой өрісі мен мәдениеті,

білімі мен инабаттылық болмысы,

талабы мен талғамы,

денсаулығы жақсы, жаман әдеттері (темекі,ішімдік,есірткіге зауқы),

ала-бөтен   қылықтары,т.б жайында білу өте маңызды.  

Келіннің бойында болатын негізгі тиісті қасиеттер:

сыпайылық

мейірбандық

адалдық

сезімталдық

еңбекққорлық

жауапкершілік

ашық қабақтылық

дәмді тамақ әзірлей білу

өтірік айтпау

өз ер азаматына деген қамқорлығы

өз енсін анасындай құрметтеу керек

Керек кеңес:  

Енеге деген қарым-қатынасыңызды түзеткіңіз келсе,бірінші өзіңізге деген қарым-қатынасты дұрыстауыңыз қажет. Сіз өзіңізді сыйласаңыз өзгені де құрметтейсіз! Енеге деген құрметіңіз бен, ашық жүрегіңізбен әрдайым жылы сөзден бастап,сыйлықтарға құшағын толтыра біліңіз.Енесін жаман көретін қыз-келіншектер бірінші өз қателерін ойлауы керек,мүмкін мен дұрыс әрекет жасамаған болармын деп?Ешқандай ене өз келініне жаман болсын деп ұрыспайды. Қатені түзетуге тырысыңыз,мүмкін енеңізде өз қатесін түсінер.Уақытты күтпеңіздер,кішіпейіл болыңыздар қыз-келіншектер.  

Қыздың, демек,болашақ келіннің қолынан  іс келуі міндетті жағдай.

«Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды»

«Олақ әйел оймақшыл»

«Жібекті түте білмеген жүн етеді»

«Салақтан олақ жаман»

«Ана көрген тон пішер»

«Қыз еркем кестесімен көркем»,т.б мақалдар соны білдіреді.

Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын.Келіннің қолынан татқан тамақ,ішкен шай бапты,дәмді көрінсін.Үйдің іші де бұрнғыдан гөрі әдемі,ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза,төңірек те бұрынғыдан гөрі жинақы ретті болсын .

Келген- кеткен: « Келіні жақсы үйдің керегесі алтын,-деген расау»- десін!  

Дереккөз: anabol.kz

Тағы да оқыңыз: