Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы Жалпақ пен Жұбан елді мекендерінде медициналық бекеттердің құрылысы басталды.

Қазіргі таңда қос елді мекендегі медициналық бекеттердің іргетасын монтаждау жұмыстары аяқталып, ғимараттың қабырғасына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта Ақжона мен Сарыкөл ауылдық округтеріне қарасты ауылдардың тұрғындары қажет болған жағдайда тиісті ем-домын талапқа сай, жаңа дәрігерлік орталықта қабылдайтын болады.

Тағы да оқыңыз: