Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында өтіп жатқан облыстық VІІ «Ақ бидай» спартакиадасында қазалылық үстел теннисшілері топ жарып, жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Жарыс жолына шыққан Қазалы ауданының ерлер мен қыздар командасы қарсыластарының барлығынан басым түсіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, үстел теннисінен ауданымыздың намысын ерлер командасында Ернар Ибрай, Медетбек Ермаханов, Рамазан Оразалы, қыздар командасында Гүлбақыт Қапаш, Тоқжан Мұхтар, Фариза Манбетжанова қорғады.

Спартакиада ойындарына ерлер командасын Ернар Ибрай, қыздар командасын Майрагүл Ерлан дайындады.

Тағы да оқыңыз: